Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ. Керей Жәнібек ханов көшесі 14/2 үй, 60 п. (картаға қараңыз)
Ұялы: +7 776 184 1111
Email: tauexpert2005@mail.ru
Бұл заманда әрбір минут есептелген, күннен-күнге әртүрлі мемлекеттік қызметтерді үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Заманауи технологиялар жобалық-сметалық құжатнама сараптамасын өткізу процедураларына да әсер етті.
Енді құрылыс жобасының кешенді сараптамасын жүргізу үшін мекемелерге барып қажет емес. Біздің елімізде жоба сараптамасын «бір терезе» қағидасы бойынша өтуге мүмкіндік беретін https://epsd.kz/ электронды порталы жұмыс істейді. Ол үшін тапсырыс берушінің Ғаламтор желісіне қолы жетімді болса және жүйеге жобалық-сметалық құжатнаманың барлық қажетті материалдарын жүктей алса болғаны.
Осындай қолайлылық экономика салаларының жалпылама сандық жүйеге көшуі аясында берілді. Электронды портал құжаттар қабылданатын, өтінімдер өңделетін және сараптамалық қорытынды берілетін бірыңғай алаңша болып табылады. Электронды жүйе хат алмасуға және құжаттарды "online" режимде мақұлдауға мүмкіндік береді, мәліметтер мен мониторингтерді бұлтты сақтау қызметіне ие, тапсырыс беруші сараптама процедураларын басынан аяғына дейін бақылап отыру мүмкіндігіне ие. https://epsd.kz/ порталына жүктелетін барлық электронды құжаттар мен материалдар сәйкесінше электронды сандық қолтаңбамен куәландырылады. Сараптаманың бүкіл өту процесі толығымен мінсіз.
Экологиялық және санитарлық-экологиялық сараптамалар заңнамалық тұрғыдан өткен жылы біріктірілген болатын. Осы жылдың көктемінде қоршаған ортаға шығаруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін тағы бір түзету енгізілді.
Мамандар «бір терезе» қағидасының әкңмшілік кедергілерді азайтатындығына және сараптаманы өтуге жұмсалатын мерзімді қысқарту есебінен жұмысты жеңілдететіндігіне сенімді. Қазіргі таңда электронды форматтағы сараптаманы көптеген компаниялар пайдаланады, сондай-ақ жеке тұлғалар да. Процедура жылдамырақ қозғалады, өйткені шарттар электронды түрде рәсімделеді. Бұрын тапсырыс берушілерге барлық құжатнаманы дисктермен немесе басып шығарылған түрде әкелуге тура келген.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам-Ұлт жоспарына» сәйкес т.47. жобаға дейінгі және жобалық-сметалық құжатнама сараптамасын жүргізуде МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН КЕЗЕҢДІК БАС ТАРТУ. Жобалар сараптамасын бәсекелі ортаға тапсыру жобалар сараптамасын бәсекелі ортаға кезеңдік тапсыру белсенді жүреді. Мұнда жобалар сараптамасының 70%-ы бар, сараптама ұйымдары Палатасы құрылды, 15,5 мың қорытынды беріп үлгерген кешенді идарадан тыс сараптама жүргізу жөніндегі 126 сараптама ұйымы аккредиттелген.
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ. Керей Жәнібек ханов көшесі 14/2 үй, 60 п. (картаға қараңыз)
Ұялы: +7 776 184 1111
Email: tauexpert2005@mail.ru