О реализации 47-го шага Плана нации

Ұлт жоспарының 47-қадамын жүзеге асыру туралы

Ұлт Жоспарының 47-қадамын және ҚР «Қазақстан республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында ҚР «Атамекен» ҰКП тікелей қатысуымен Сараптама ұйымдары палатасының (СҰП) аккредиттелген сараптама ұйымдары кәсіби бірлестігі құрылды.

Қазіргі таңда СҰП құрамына 97 аккредиттелген сараптама ұйымдары кіреді. Палата мемлекеттік органдардағы және басқа да ұйымдардағы СҰП мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін айқындайды, қорғайды, сарапшылар біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар ұйымдастырады, сараптама қорытындылары талдамасы және мониторингі, сараптама қызметі және басқа да мәселелер бойынша кеңес өткізеді.

Сараптама ұйымдары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысында Ұлт жоспарының 47-қадамына сәйкес құрылыс жобасы сараптамасын жүргізуге оны 2020 жылға дейін бәсекелі ортаға тапсыру арқылы мемлекеттік монополиядан кезеңдік бас тарту қарастырылады. Бүгінгі таңда ҚР-да бәсекелі ортаға тапсырылған сараптама жұмыстарының көлемі 63% құрады.

Палата басқармасы аппаратымен жүргізілген сараптама қорытындылары сапасының талдамасы көрсеткендей, 2017 жылы аккредиттелген сараптама ұйымдарына (АСҰ) 11981 жоба түсті. Олардың ішінде 7682 жоба бойынша қорытынды берілді, 2196-қарастырылмастан қайтарылды және 664 жоба бойынша шарттар бұзылды. Сонымен қатар жалпы жиналыста сараптама ұйымдары Палатасының өкілдері сараптама қызметі бөлімінде ҚР «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бірнеше түзетулер енгізуге бірауыздан Қарсы шықты.

Сонымен, мысалы, қазіргі таңда ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан заң жобасында «Палата-біріккен бейкоммерциялық ұйым» түсінігін алып тастауды жоспарлайтын норма жазылған, оның орнына жасаушылардың пікірі бойынша сараптама қызметі саласында бәсекелі ортаны құруға мүмкіндік беретін бірнеше палата құру ұсынылады.

Бірақ СҰП палаталар арасындағы бәсекелестіктің неде екендігін түсінбеді, өйткені сараптама ұйымдары палатасы өз мүшелерінің мүдделерін қорғайтын бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Ол сараптама қорытындыларын бермейді, жұмыс істеуге рұқсат береді, сарапшылар біліктілігінің орындалатын жұмысқа сәйкестігін бақылайды. Біздің елімізде дәл осындай қағидамен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Нотариустар палатасы, сот орындаушылары палатасы және т.б. жұмыс істейді. Кәсіпкерлер, компаниялар-палата қатысушылары арасында бәсекелестік болады. Ұйымның өзі-қоғамдық, өз мүшелерінің қаржылық-шаруашылық қызметіне араласпайды, олардың құқықтарын шектемейді, бәсекелестіктің дамуына және олардың құқықтары мен еркіндігінің сақталуына кедергі келтірмейді.

Сараптама ұйымдары палатасы бірнеше палатаны құрудың жоба сараптамасы сапасына әсер ететіндігіне сенімді, өйткені барлық қайта құрылған ұйымдар сараптама қызметінің сапасын арттыруға емес, өздерінің сандық құрамын арттыруға тырысады. Осыған байланысты сараптама ұйымдарына мүшелікке қабылдану үшін қойылатын талаптар азаюы мүмкін, сәйкесінше, сараптама қорытындылары сапасының талдамасы мен мониторингі тиісінше жүргізілмейтін болады. Жеке аккредиттелген сараптама ұйымдарының талаптарын көбейту арқылы бір палатадан екінші палатаға өтуге мүмкіндік болады. Нәтижесінде бұл құрылыс жобасы сараптамасы сапасының төмендеуіне және сапа жүйесі, қажетті білікті сарапшылар құрамы жоқ сараптама ұйымдарының пайда болуына әкеледі. Осының барлығы құрылыс жобасын сараптау кезеңінде ғимараттың, құрылыстың мықтылығының, сенімділігінің және орнықтылығының жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне және жосықсыз бәсекеге әкелуі мүмкін.

Дәл осындай жағдай Ресей Федерациясында орын алған болатын, мұнда өздігінен реттелетін бірнеше ұйымды құру жоба сараптамасы сапасын жақсартпай ғана қойған жоқ, сондай-ақ толыққанды бәсекелі орта құра алмады. Осы мәселе бойынша 2017 жылдың мамыр және маусым айларында ҚР «Атамекен» ҰКП, ұлттық экономика және инвестиция мен даму министрлігінің қатысуымен бірнеше мәжілістер өткізілген болатын, онда аккредиттелген сараптама ұйымдарының көпшілігі (90%) шетелдік мемлекеттердің озық тәжірибелері негізінде біріккен кәсіби қоғамдастықты (палаталарды) сақтап қалу туралы пікір айтты.

Жалпы жиналыста СҰП өкілдері өз наразылықтарын білдірді және жобалар сараптамасы саласында мемлекеттік монополия субъектісіне сараптаманы өткізу бойынша біріккен порталды және ақпараттық жүйені жүргізу жөніндегі қосымша қызметті тапсыруға, сондай-ақ палаталар жарғысын өкілетті органдармен келісуге қатысты нормаларды қабылдауға қарсы шықты.

Палата мүшелері осы түзетулердің асығыс екендігіне және жеткілікті түрде негізделмегендігіне сенімді, өйткені оларды енгізу сараптама қызметі саласының ұйымсыздандырылуына, кәсіби емес палаталардың, жосықсыз бәсекелердің пайда болуына және Ұлт жоспарының 47-қадамының сапасыз жүзеге асырылуына әкеледі. Заң жобасына өзгерістер енгізу жөніндегі өздерінің ұсыныстарын олар ел Парламентіне және өкілетті орган-ҚР ИДМ жіберді.